- Барлық ақпарат
Әлемдегі ең үлкен диаметрлі жоғары жылдамдықты теміржол қалқан туннелін жасау машинасы Янцзы өзенінен сәтті өтті

31 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 30 шілде күні жоғары жылдамдықты теміржолға арналған әлемдегі ең үлкен диаметрлі қалқан туннелін жасау машинасы «Линхан Хао» Янцзы өзенін сәтті кесіп өтті. Бұл маңызды оқиға Чунмин-Тайцан Янцзы өзені туннелінің өзеннен өтетін бөлігінің қазылып, ашылғанын білдіреді. Жоба еліміздегі жоғары жылдамдықты теміржол сағатына 350 км/сағ жылдамдықпен тұңғыш Янцзы өзенінен өткенде де жылдамдығын баяулатпай, қатынауына негіз қалады.

Чунмин-Тайцан Янцзы өзенінің туннелі Шанхайдағы Чунминді Цзянсудағы Тайцанмен байланыстырады, жалпы ұзындығы 14,25 шақырымды құрайды. Шанхай мемлекеттік теміржол құрылысын басқару компаниясы салып, Қытай теміржол туннелдер тобы жұмысын атқарған бұл жоба құрылыс стандарттары мен күрделілігі жағынан Қытайдағы ең күрделі жоғары жылдамдықты теміржол өзенінен өтетін туннель жобаларының бірі. Туннель аяқталып, ашылғаннан кейін еліміздегі үшінші үлкен арал Чунмин аралына жоғары жылдамдықты теміржол қатынамайды дейтін тарихты аяқтап, Чунминнен Тайцан арқылы Шанхай Баошань станциясына дейінгі сапарды небәрі 17 минутта жүріп өтуге болады.



people.cn © People's Daily Online



