Қытай-Қырғыз БАҚ-тарының бірлескен эко-жобалық зерттеуі

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 3 тамыз
Қытай-Қырғыз БАҚ-тарының бірлескен эко-жобалық зерттеуі

3 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 1 тамызда Бішкекте Қытай мен Қырғызстанның «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы бірлескен журналистік іс-сапары басталды. Бұл – екі ел БАҚ-тарының осындай форматтағы алғашқы бірлескен шарасы. 20-ға жуық қытай-қырғызстан журналистері қалалық тұрмыстық қалдықтарды өртеп, электр энергиясын өндіретін жобамен танысып, Қытай мен Қырғызстанның жасыл ынтымақтастық нәтижелеріне куә болды.

Қытай кәсіпорны инвестициялап салған бұл эко-жоба Бішкектің қалдықтарды өңдеу жүйесін түбегейлі өзгертті. Жоба мыңдаған градустық жоғары температурада қалалық қоқысты жағып, одан шыққан бу арқылы электр генераторларын іске қосады. Осылайша қалдықтар залалсыздандырылып, ресурс ретінде электр энергиясына айналады. Жобаның бірінші кезеңі пайдалануға беріліп, екінші кезеңінің іргетасы ресми түрде қаланды. Жобаның барлық кезеңдері іске қосылғаннан кейін күніне 3000 тонна қалдық өңделіп, жылына шамамен 480 миллион киловатт-сағат жасыл электр энергиясы өндіріледі. Бұл – Орталық Азиядағы ең ірі қоқысты жағу арқылы электр өндіретін нысан.

Бұған дейін Бішкек қалалық қоқысты негізінен полигондарға жеткізіп, жерге көму әдісін пайдаланатын. Алайда қоқыс полигондарының сыйымдылығы шегіне жетіп, жиналған метан газы өрт қаупін туғызды. Жаңа жоба іске қосылғаннан кейін қалалық тұрмыстық қалдықтар жабық циклде залалсыздандырылып, сонымен бірге үздіксіз таза энергия өндіріп, қала экологиясы айтарлықтай жақсарды.

Осы іс-шара аясында қытайлық және қырғызстандық журналистер тобы энергетика, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, археология сияқты салалардағы бірқатар бірлескен жобалармен де таныспақ.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото