Юньнань өлкесінің Инцзян ауданында 37-інші мүйіз тұмсық құстың балапаны ұядан шықты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 3 тамыз

3 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Юньнань өлкесінің Дэхун Дай және Цзинпо автономиялық облысындағы «Қытай мүйіз тұмсық құстары алқабында» орналасқан №6 құс бақылау нүктесінде мүйіз тұмсық құстың ұясынан ұшқаны тіркелді. Бұл биылғы маусымда аймақтағы мүйіз тұмсық құстардың көбею кезеңінің аяқталғанын білдіреді.

Деректерге сәйкес, 2026 жылы бұл аумақта мүйіз тұмсық құстардың 3 түрінің көбеюі бақыланды. Барлығы 37 мүйіз тұмсық құс балапаны ұясынан ұшып, соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткішке жетті.

Қытайда мүйіз тұмсық құстардың бес түрі бар. Олардың барлығы мемлекеттік бірінші дәрежелі қорғалатын жабайы жануарлар санатына жатады. Бұл құстардың Қытайда таралу аймағы өте шектеулі, саны да тым аз. Дэхун облысы — Қытайдағы бес түрлі мүйіз тұмсық құсы кездесетін жалғыз аумақ.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото