- Барлық ақпарат
«Әуе мектеп автобусы» шалғай таулардағы балалардың мектепке баруына жол ашты

4 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Юньнань өлкесінің Сюаньвэй қаласындағы Ничжухэ үлкен шатқалында тік биіктігі 288 метр болатын жартас лифт ресми түрде жұмыс істей бастады. 2022 жылы ашылған, биіктігі 268 метр болатын «№1 жартас лифтімен» және әуе арқан жолымен бірге жұмыс істейтін бұл жаңа нысан жергілікті балалар үшін «әуе мектеп автобусы» ретінде қызмет етеді. Әуе көлігі мектепке баратын 3 сағаттан астам қауіпті жол уақытын небәрі 30 минутқа дейін қысқартады.
Шатқал етегінде орналасқан Ничжухэ ауылынан жартастың басындағы мектепке дейін 500 метрден астам тік биік қашықтық жатыр. Бұрын оқушылар тік, тайғақ жартас жолдарымен жүріп мектепке баратын. Тар, қауіпті жер бедері жергілікті тұрғындардың жылдар бойы қалыпты жол жүруіне бөгет болып келген.
2017 жылы Сюаньвэй қаласы туризмді дамыту жобасын енгізді. Шатқалдың туризм инфрақұрылымының бөлігі ретінде салынған алғашқы жартас лифт жергілікті тұрғындар мен оқушылар үшін тегін пайдалануға берілді.
Көрікті аймаққа келетін туристер саны жыл сайын көбейе түскеннен бері, бастапқы лифтің тасымалға үлгермейтіні белгілі болды. Енді «№2 жартас лифтінің» іске қосылуымен 2 лифт үйлесімді жұмыс жасап, бұл жалпы көлік сыйымдылығын айтарлықтай арттырады. Оқушылардың мектепке қауіпсіз және кедергісіз баруын қамтамасыз ету үшін арнайы уақыт аралығы да белгіленген.
Бұл 2 жартас лифті шалғай таулардың сыртпен қатынау жолдарын ашып, ауыл тұрғындарының сыртқа шығып жұмыс істеуіне қолайлы болумен қатар, ауылшаруашылық өнімдерінің сатылуына ықпал етіп, жергілікті мәдени туризмнің дамуына да жәрдемдесті.
Фото:Алдыңғы үш фото Синьхуадан алынды





people.cn © People's Daily Online



