- Барлық ақпарат
Бесінші «Жібек жолының достық елшілері» шарасы Қырғызстанда өтті (9)
![]() |
5 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- «Жібек жолының достық елшілері» атты салтанатты шараның кезекті бесінші басқосуы 2026 жылғы 4 тамызда Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында өтті. Шарада Қытай Халықаралық мәдени алмасу орталығы төрағасының орынбасары Хэ Цзяньчжун мен «Жэньминь жибао» газеті бас редакторының орынбасары Сюй Лицзин бейнеқұттықтау сөзін жолдады. Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрлігінің вице-министрі Салқын Сарноғоева және әр елдерден келген осы жылғы «Жібек жолының достық елшілерімен» бірлесіп «Бір белдеу, бір жол» бастамасын құруға мүдделі шетелдік және отандық достық ниетті адамдар қатарынан 200-ден астамы шараға қатысты.
Осы жылғы салтанатты шараны Қытай Халықаралық мәдени алмасу орталығы, «Global People» журналы және Шэньчжэнь қалалық үгіт-насихат департаменті бірлесіп ұйымдастырды. Бұл – атаулы шараның шетелде алғаш рет өткізілуі. Шараға қатысушы қонақтар «Бір белдеу, бір жол» бастамасының бірлесіп құрылуы әкелген даму мүмкіндіктері мен ынтымақтастық нәтижелерін нақты оқиғалармен көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге халықтар арасындағы рухани жақындықты нығайтып, тағдыры ортақ адамзат қоғамдастығын құру ісіне үлес қосатынын атап өтті.
Шара барысында Қытай мен Қырғызстанның өнер шеберлері дәстүр мен болашақты ұштастырған керемет қойылым – «Жібек жолы киімдері» атты киім үлгілері көрсетілімін ұсынды.
Сондай-ақ, іс-шара барысында «Жібек жолының достық қаласы – Шэньчжэньді» жариялау рәсімі де өтті.
Суреттерді Шэньчжэнь радио және телевидение корпорациясы, Қырғызстанның Делон телеарнасы ұсынған
people.cn © People's Daily Online




