- Барлық ақпарат
Цилянь тауының бөктеріндегі бұғылар туристер үшін таңдаулы бағытқа айналды (7)
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 6 тамыз
6 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жаз мезгілінде Ганьсу өлкесінің Чжанъе қаласына қарасты Сунань Юйгу автономиялық ауданандағы Шэнлу (киелі бұғы) саябағында жүздеген жабайы бұғылар далада еркін жайылады. Бұл көрініс көптеген туристердің таңдаулы бағытына айналды.
Соңғы жылдары жергілікті билік Сунань бұғы шаруашылығын негізге алып, Цилянь тауының дала көрінісі мен Юйгу этникалық мәдениетін біріктіре отырып, демалыс, танымдық және экотуризмді қамтитын кешенді туристік аймақ құрды. Бұл арқылы мал шаруашылығын өнеркәсіппен, ал өнеркәсіпті туризммен ұштастыратын салалық интеграциялық даму үлгісі қалыптасып келеді.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online




