- Барлық ақпарат
«Үстірт қайықтарының» ерекше бәйгесі (4)
6 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жайма шуақ жаз айында Цинхай өлкесінің Юйшу автономиялық облысындағы Зашикэ жайлауы өзінің ең қарбалас маусымын қарсы алды. Жыл сайынғы ат бәйгесі фестивалінің дәстүрлі шарасы ретінде өтетін қодас (як) жарысы көптеген көрермендерді өзіне баурады.
Жарыс алаңында ондаған шабандоз қодастарымен додаға түсті. Ат бәйгеден айырмашылығы қодас жарысы ерекше көңілді өтеді. Қодастар тұлпарлардай жылдам шаппай, кейбіреуі орта жолда тоқтап қалып, кейбіреуі алаңдағы шабындыққа қарай ұмтылып, «үстірт қайықтарының» сүйегіне сіңген қыңыр табиғатымен жиналған жұртшылықты думанға бөледі.
Қодас жарысы — мың жыл бұрынғы Сицзанға Вэньчэн ханшайымның ұзатылып келуін қарсы алу рәсімінен бастау алған дәстүрлі халықтық спорт түрі. Бүгінде ол Юйшу ат бәйгесі фестивалінің маңызды шарасына айналды. Бәйге көпшіліктің үстірт көшпенділері мәдениетін сезінуіне мүмкіндік берді.
people.cn © People's Daily Online




