Шынжаңның Ганьцзяху қорық аймағындағы қызу тіршілік (6)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 7 тамыз
Шынжаңның Ганьцзяху қорық аймағындағы қызу тіршілік

7 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шынжаңның Ганьцзяху сексеуіл орманы мемлекеттік табиғи қорық аймағында өсімдіктер жасыл түске еніп, әртүрлі жабайы жануарлар мен құстар жиі көріне бастады. Бұрынғы шөл дала мен құмды жерлерде тіршілік оты қайнап жатыр. Қорық күзетшілері экологиялық қалпына келтіруді тұрақты жалғастырып, күнделікті бақылау-күзет жұмыстарын жүйелі атқарып отыр. Аймақта су мол әрі су жүйесі кедергісіз, сазды аймақтарының көлемі тұрақты. Жабайы сексеуіл, шырша, жыңғыл ағаштары өсіп-өніп, тоғайлы орманға айналды. Өсімдік жамылғысының деңгейі жыл сайын артып, шөл даланың сары құмын берік ұстап тұр.

Қоршаған ортаның үздіксіз жақсаруы жабайы жануарларға тамаша мекен сыйлады. Инфрақызыл камералар ақбөкен, қызыл түлкі, марал сияқты сирек кездесетін жануарлардың орман арасында жүріп өткенін, сулы аймақтарға әртүрлі су және жыл құстарының жиналып, қоректенгенін жиі түсіріп алады. Қорық аймағының экожүйесі тұрақты түрде жақсарып, орманы бай, суы мол, барлық тіршілік иелері бірге өмір сүрген көркем көріністі көрсетуде.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото