- Барлық ақпарат
2026 жылғы Дүниежүзілік роботтар конференциясы Бейжіңде ашылды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 20 тамыз
20 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 19 тамыз күні Бейжіңде 2026 жылғы Дүниежүзілік роботтар конференциясы ашылды. Іс-шара барысында 300-ден астам отандық және шетелдік кәсіпорындар 3000-нан астам инновациялық өнімдерін көрсетіп, робототехника технологиясындағы соңғы жетістіктердің кешенді көрмесін ұсынды.
5 күн ішінде іс-шара әлемдік робототехниканың негізгі жетістіктерін көрсету, жаңа өнімдерді шығару және озық технологиялар бойынша пікір алмасу үшін маңызды платформаға айналады. Сонымен қатар көпшілік осы озық технологияларды тікелей тәжірибеден өткізуге мүмкіндік алып, жақыннан тамашалай алады.
Конференция ашылу салтанатынан, форумдардан, көрмеден, байқаулардан, бір мезгілде өтетін іс-шаралар және жабылу салтанатынан тұрады.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online




