Қытайдың «Қарлы ауылындағы» экономикалық трансформация

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 10 қазан

10 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Хэйлунцзян өлкесінің Муданьцзян қаласында орналасқан Шуанфэн орман шаруашылығы қазіргі таңда «Қарлы ауыл» деген атпен танымал. Қыс мезгілі 7 айға созылатын бұл аймақтың қары қалың, көрінісі көркем болуымен ерекшеленеді.

Бұрын орманшылар ағаш кесу үшін сыңсыған орман ішінде қиын жолдармен жүретін. Қақаған аяз бен қасат қар олардың тұрмысына көптеген ауыртпалық әкелетін еді. 2014 жылы Қытай экологиялық ортаны қорғау мақсатында табиғи ормандарды коммерциялық мақсатта кесуді толығымен доғарды. Бүгінде қар-мұз туризмі жергілікті экономиканың дамуына жаңа серпін беруде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото