- Барлық ақпарат
Қарлы ауылдың жаңаруы: қар-мұз қара топырақты баю жолына бастады
9 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Хэйлунцзян өлкесінің Муданьцзян қаласында орналасқан Шуанфэн орман шаруашылығы аумағында қар жиі жауады. Мұнда қар маусымы 7 айға дейін созылып, қардың қалыңдығы 2 метрге жетеді. 2014 жылы экологиялық ресурстарды қорғау мақсатында табиғи ормандарды өнеркәсіптік жолмен кесу тоқтатылды. Бұрын ағаш кесу арқылы күн көрген орманшылар кәсібін өзгерту мәселесімен бетпе-бет келді.
Бүгінде «Қарлы ауылда» 200-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Ол қыс маусымында 800 мыңнан астам туристі қабылдап, 1000-нан астам жұмыс орнын ұсынады және туристік аймақта 5500-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Қар-мұз мәдениет пен туризмнің ұштасуына ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіпті жаңғыртуға да серпін беріп, Қытайдың солтүстік-шығысындағы ауылдық жерлерді дамытудың маңызды тірегіне айналды.
Бас хатшы Си Цзиньпин: «Мұз құрсанып, қарға оранған дала халыққа бақ-береке әкелетін және ауылдық аймақтарды жандандыратын «баға жетпес байлыққа» айналды»–, деп атап өткен болатын. «Қарлы мекеннің» жаңаруы – Қытайдағы жасыл даму арқылы өркендеуге қол жеткізудің айқын мысалы. Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланып, экологияға басымдық беру арқылы бұл ара өзінің әсем қарлы көріністерін жергілікті халық үшін нақты игілікке айналдырды. Бұрынғы қақаған аяз бен қалың қар енді дамуды ілгерілетіп, табысты арттырып, баю жолына бастайтын бағалы қазынаға айналды.

people.cn © People's Daily Online



