Қазақстандағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде қытайша кітаптарды сөреге қою және «Жібек жолы» кітап үйі – Қытай кітап сөресі» жобасының ашылу рәсімі өтті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 12 қазан

12 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 8 қазан күні Қазақстанның Ақтөбе облысындағы Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетінде қытай тіліндегі кітаптарды сөреге қою және «Жібек жолы» кітап үйі – Қытай кітап сөресі» жобасының ашылу рәсімі табысты өтті. Қытайдың Ақтөбедегі Бас консулдығының үйлестіруімен өткен шара аясында Sinopec компаниясы Қ.Жұбанов университетіне қытай тіліндегі кітаптарды сыйға тартып, Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени алмасудың жаңа алаңын құрды.

Сыйға тартылған кітаптар қытай тілін үйрену, қытай әдебиеті, тарихы мен мәдениеті және әлеуметтік дамуы сияқты алуан түрлі тақырыптарды қамтиды. Қытай тіліндегі кітаптар сөресі университеттегі Конфуций институтында қытай тілін оқыту, сондай-ақ университет оқытушылары мен студенттерінің қытай мәдениетін зерттеуі үшін сапалы ақпараттық ресурс болып табылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото