Қытайдың алғашқы ұлттық саябақтарын құруда елеулі нәтижелерге қол жеткізілді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 13 қазан

13 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық орман шаруашылығы және жайылым басқармасының 12 қазан күнгі мәліметіне сәйкес, 2021 жылы ресми түрде құрылған Қытайдың алғашқы ұлттық саябақтар тобына Саньцзянъюань, панда, маньжур жолбарыстары мен барысы, Хайнань тропикалық жаңбырлы орманы және Уишань тауы саябағы кіреді. Бұл саябақтарды құруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Қытай үлгісіндегі ұлттық саябақтар жүйесі негізінен қалыптастырылып, негізгі аймақтардағы табиғи экожүйелердің сапасы жақсарып, сондай-ақ басты түрлердің популяциясы тұрақты түрде өсті. Бағалау нәтижелері көрсеткендей, бұл саябақтардың экологиялық тиімділік көрсеткіштерінің 75%-ы «өте жақсы» деп бағаланды. Суды сақтау, көміртекті сіңіру және оттегіні бөлу, топырақ пен су ресурстарын қорғау сияқты экожүйелік қызметтердің негізгі бағыттары бойынша тиімді жақсартулар жүзеге асырылған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото