- Барлық ақпарат
Эрэн-Хот аймағынан кең табанды жолмен жүретін алғашқы тікелей жүк пойызы жолға шықты
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 13 қазан

13 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 10 қазан күні Ішкі Моңғұлдың Эрэн-Хот қаласындағы Эрэн станциясынан Моңғолияның Ұланбатыр қаласындағы Баян станциясына бағытталған, жартылай кокспен толық тиелген кең табанды жолмен жүретін тікелей жүк пойызы жолға шықты.
Кең табанды жолмен жүретін бұл тікелей тасымалдау пойызына Эрэн-Хот теміржол торабында жүк тиелгеннен кейін шекарадан тікелей өтеді. Сөйтіп Моңғолия аумағындағы станцияларда жүк ауыстырып, тиеуді қысқартып, жалпы тасымалдау уақыты айтарлықтай үнемдейді. Бұл қызметтің жылдық келісімшарттық тасымалдау көлемі 280 000 тонна. Ол негізінен қыс мезгілінде Моңғолияның Ұланбатыр қаласындағы жылу отынына деген сұранысты қанағаттандырады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



