Қытай 2026 жылы қаңтар мен қыркүйек аралығында 4,006 миллион жаңа энергетикалық көлік экспорттады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 13 қазан

13 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай автомобиль өндірушілері қауымдастығының 12 қазан күні жариялаған деректеріне сәйкес, 2026 жылдың қыркүйегінде елде жаңа энергетикалық көліктерді өндіру және сату көлемі тиісінше 1,814 миллион және 1,823 миллионды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тиісінше 12,2% және 13,6%-ға өсті. Жаңа көліктерді ай сайынғы сату көлеміндегі жаңа энергетикалық көліктердің үлесі қатарынан 3 ай бойы 60%-дан асып, қыркүйекте 61,6%-ға жетіп, жаңа рекорд орнатты.

Экспортқа келетін болсақ, алғашқы 3 тоқсандағы автомобиль экспортының жалпы көлемі 8,205 миллионға жетті, оның ішінде жаңа энергетикалық көліктер үлесіне 4,006 миллион тиесілі болды, бұл өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 130%-ға өсті. Тек қыркүйек айының өзінде 1,053 миллион көлік экспортталып, бұл сәйкес мезгілмен салыстырғанда 61,4%-ға артты. Оның ішінде 571 мыңы жаңа энергетикалық көліктер болып, сәйкес уақытпен салыстырғанда 160%-ға жоғарылады. Жаңа энергетикалық көліктер қатарынан 4 ай бойы көлік экспортының жалпы көлемінің жартысынан астамын құрап келеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото