Сиань-Чунцин жоғары жылдамдықты теміржол желісіндегі Мяоцзялян аса ірі көпірі сәтті түйісті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 13 қазан

13 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 12 қазанда Сиань-Чунцин жоғары жылдамдықты теміржол желісіндегі Мяоцзялян аса ірі көпірі сәтті түйісіп, тұтас желінің уақытында көлік қатынасына берілуіне берік негіз қалады. Чунцин қаласының Чэнкоу ауданында орналасқан бұл көпірдің жалпы ұзындығы 941,6 метр. Көпірдің ең үлкен аттамалы диаметрі 136 метрге, ең биік тұғыры 103,5 метрге жетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото