- Барлық ақпарат
Гологты кесіп өтетін қарлы таудағы білім жолы
14 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Цинхай өлкесіндегі Голог автономиялық облысы теңіз деңгейінен орташа есеппен 4200 метрден астам биіктікте орналасқан, ол Қытайдағы теңіз деңгейінен орташа биіктігі ең жоғары этникалық автономиялық облыс. Биік таулы аймақтың қатал табиғи жағдайлары бір жағынан қар басқан айбынды Амнэ-Мачин тауларының қалыптасуына себеп болса, екінші жағынан жергілікті білім беру саласын дамытуда ерекше қиындықтар тудырды.
Бас хатшы Си Цзиньпин: «Кедей аймақтардағы балалардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету – кедейлерді сүйемелдеу мен дамудағы маңызды міндет, сондай-ақ ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан кедейшілік шеңберін бұзудың шешуші жолы»–, деп атап өткен болатын. 2010 жылы Орталықтың Сицзандағы жұмыс жөніндегі бесінші кеңесінде Шанхай қаласына Цинхай өлкесіндегі Гологоблысына бағыттамалы көмек көрсету міндеті жүктелді. Таулы аймақтағы білім беру ісінің дамуына кедергі келтіретін қиындықтарды еңсеру мақсатында Голог «аймақтан тыс жерде оқыту» атты инновациялық үлгіні қолға алып, Гологтың орта мектептерін теңіз деңгейінен биіктігі салыстырмалы түрде төменірек Синин қаласына әкеліп салды. 2019 жылы Голог-Синин этникалық орта мектебінің құрылысы аяқталып, оқушыларды қабылдау жұмыстары басталды.

people.cn © People's Daily Online



