- Барлық ақпарат
Тайцан портынан экспортталған автомобиль саны алғаш рет 1 миллионнан асты
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 14 қазан

14 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Нанкин кеденінің мәліметі бойынша, биыл алғашқы тоғыз айында Янцзы өзені атырауындағы ең ірі автомобиль экспорт торабы – Тайцан порты 1,08 миллион автомобиль экспорттады. Бұл көрсеткіш тарихта алғаш рет миллионнан асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 80%-дан астам артып, экспорттық нарығы әлемдегі 168 ел мен аймақты қамтыды. Мұның ішінде қыркүйек айында автокөлік экспортының мөлшері шамамен 160 мыңға жетіп, бір айдағы экспорт көлемі тарихтағы ең жоғары деңгейге жетті. Ал жаңа энергетикалық көліктердің экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1 есе өсті.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



