- Барлық ақпарат
Қытай Дүниежүзілік суару құрылыстары мұрасының қатарына тағы 4 нысанды қосты

Хэнань өлкесіндегі Цинь өзенінде орналасқан Гуанли каналы (Улункоу)
15 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжің уақыты бойынша 14 қазан күні кешке Францияда өткен Халықаралық суару және дренаж комитетінің 77-інші кезекті Халықаралық атқарушы кеңесінің отырысында 2026 жылғы (13-інші топтама) Дүниежүзілік суару құрылыстары мұрасының тізімі ресми түрде жарияланды. Бұл тізімге Қытайдың төрт нысаны енгізілді. Олар: Хэнань өлкесіндегі Цинь өзенінде орналасқан Гуанли каналы (Улункоу), Ганьсу өлкесіндегі Таолай өзенінің жасыл алқап суару жүйесі, Цзянси өлкесі Шанжао қаласы Гуансинь ауданындағы Хуанша каналы және Фуцзянь өлкесі Чантай ауданындағы Лунцзинь ежелгі бөгеті мен суару жүйесі. Осылайша, Қытайдағы Дүниежүзілік суару құрылыстары мұра нысандарының жалпы саны 46-ға жетті.
Фото:Су ресурстары министрлігі

Ганьсу өлкесіндегі Таолай өзенінің жасыл алқап суару жүйесі

Цзянси өлкесі Шанжао қаласы Гуансинь ауданындағы Хуанша каналы

Фуцзянь өлкесі Чантай ауданындағы Лунцзинь ежелгі бөгеті мен суару жүйесі
people.cn © People's Daily Online



