- Барлық ақпарат
Биыл Алашанькоу порты арқылы Қытай-Еуропа (Орталық Азия) бағытында 7000-нан астам жүк пойызы өтті

15 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 12 қазан күні Алашанькоу портынан автобөлшектер мен электронды өнімдер тиелген, Польшаның Малашевиче қаласына бағыт алған Қытай-Еуропа жүк пойызы жолға шықты. Осылайша, биыл Алашанькоу кедені арқылы өткен Қытай-Еуропа (Орталық Азия) жүк пойыздарының саны 7000-нан асты. Бұл көрсеткішке былтырғыдан 45 күн ерте қол жеткізіліп отыр, ал порт пойыздардың жалпы саны бойынша бүкіл елде көш бастады.
Қазіргі уақытта Алашанькоу арқылы өтетін Қытай-Еуропа (Орталық Азия) жүк пойыздарының 130 бағыты бар. Жүк пойыздары Германия мен Польшаны қоса алғанда, 21 елді қамтып, 200-ден астам тауар түрін тасымалдайды. Бұл Азия мен Еуропа арасында тиімді әрі үздіксіз жұмыс істейтін экономикалық-сауда дәлізін қалыптастыруға берік негіз қалады.
people.cn © People's Daily Online



