- Барлық ақпарат
Қытайлық шөлейттенуге қарсы күрестің бастамашысы Инь Юйчжэнь БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының «100 әйел қаһарман» тізіміне енді

16 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы 15 қазанда Италияның Рим қаласында қытайлық шөлді жасылдандыру бастамашысы Инь Юйчжэньнің «Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығының агроазық-түлік жүйелері мен ауылдық аймақтарды дамытудағы 100 әйел қаһарман» қатарына енгізілгенін жариялады.
Бұл тізімге тағы да екі қытайлық Дун Миньфан мен Юй Цзиньсю атты әйел енді.
«Ұлттық еңбек ері» атағының иегері және Ордос қаласындағы Му-Ус орман шаруашылығы қауымдастығының төрайымы Инь Юйчжэнь Ішкі Моңғұлдағы Му-Ус шөлінде 40 жылдан астам уақыт еңбек етті. Ол өмірін ағаш отырғызуға, құмды тізгіндеуге арнап, жергілікті тұрғындарды құмды басқару жұмыстарына жұмылдырып, аймақтың экологиялық жағдайын жақсартты. Сонымен қатар, Инь Юйчжэнь игерілген жерлерде дақылдар өсіруді, экологиялық таза ауыл шаруашылығын дамытып, қоршаған ортаны қалпына келтіру мен ауыл шаруашылығын дамытуды ұштастыратын жобаны қалыптастырды.

Дун Миньфан — Хунань өлкесі Юэян ауданы «Жуньшэн» күріш өсірушілер кооперативі мен «Фэнжуй» ауыл шаруашылығы техникасы кооперативінің төрайымы. Ол жоғары жалақысы бар кәсіпорындағы жұмысын тастап, туған жеріне оралып ауыл шаруашылығымен айналысты. Дун Миньфан астық өндірісін механикаландыру ісіне бастамашы болып, шағын шаруашылық иелеріне қолдау көрсетті. Жұмыс орындарын ашу, кәсіби дағдыларды үйрету және кәсіпкерлікті қолдау арқылы ол ауыл әйелдерінің табысын арттыруға үлес қосты.

Юй Цзиньсю ұзақ уақыт бойы ұлттық деңгейдегі материалдық емес мәдени мұра саналатын Цичунь ерменмен қарып емдеуге мұрагерлік етіп, насихаттаумен айналысады. Соңғы 20 жыл ішінде ол 30 000-нан астам маман даярлап, мыңдаған адамның жұмысқа орналасуына және кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасады, сондай-ақ жергілікті ермен өнеркәсібінің дамуына серпін берді. Оның еңбегі ауыл тұрғындарына, әсіресе әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға табыс табуға жол ашты.
Бұл марапаттау – БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы бастамашылық еткен «2026 – Әйел фермерлердің халықаралық жылы» аясындағы жаһандық шаралардың бір бөлігі. Шара әйелдердің ауыл шаруашылығына, азық-түлік жүйелеріне және ауылдық аймақтарды дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалауға арналған. Іріктеу процесіне 131 мүше мемлекеттен 609 ұсыныс келіп түсті. Марапатталғандар қатарында фермерлер, кәсіпкерлер, зерттеушілер және қоғам қайраткерлері сияқты әртүрлі салада қызмет ететін тұлғалар бар.
people.cn © People's Daily Online



