Қорғас порты жылдың алғашқы үш тоқсанында 7 264 Қытай-Еуропа пойызымен 12,283 млн тонна жүк тасымалдады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 16 қазан

16 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қорғас теміржол порты станциясының статистикалық деректеріне сәйкес, биыл алғашқы үш тоқсанда Қорғас порты арқылы Қытай-Еуропа бағытындағы 7 264 жүк пойызы өтіп, жалпы салмағы 12,283 миллион тонна болатын жүк тасымалданды.

Бүгінгі таңда Қорғас теміржол порты арқылы өткен Қытай-Еуропа жүк пойыздарының жалпы саны 60 000-нан асты. Бағыттардың саны 91-ге жетіп, олар 18 шет мемлекеттегі 46 қала мен аймаққа 200-ден астам тауар түрін тасымалдайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото