- Барлық ақпарат
Кедейлік жоқ жол
19 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Кения астанасы Найробиден өнеркәсіп орталығы Тика арасындағы көне жолда бұрын қатты кептеліс болып, таңғы және кешкі қарбалас уақыттарда жол жүру уақыты 2 сағатқа дейін созылатын еді. 2009 жылдан бастап 3 қытайлық кәсіпорын осы жолдың әртүрлі учаскелерін кеңейту және жаңарту жұмыстарын қолға алып, оны 4 жолақты тасжолдан 6-8 жолақты магистральға айналдырды. Бұл өзгеріс Найроби мен Тика арасындағы қатынасты айтарлықтай жақсартты.
2024 жылдың 5 қыркүйегінде Қытай-Африка ынтымақтастығы форумы Бейжің саммитінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Төраға Си Цзиньпин алдағы 3 жыл ішінде Қытайдың африкалық мемлекеттермен бірлесіп, модернизацияға бағытталған «он серіктестік іс-шарасын» жүзеге асыратынын жариялады. Бұл бастама Қытай мен Африка арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуді және «Жаһандық Оңтүстік» елдері модернизация ісіне жетекшілік етуді көздейді.
Кенияда 10 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан Тика тасжолынан бастап, Оңтүстік Африкада қазіргі таңда салынып жатқан N3 тасжолын кеңейту жобасына дейінгі аралықта, Қытай-Африка ынтымақтастығы тек инфрақұрылымды дамытумен ғана шектелмей, техникалық оқыту, жұмыс орындарын ашу және қоғамдастықтарды дамыту сияқты бағыттарды қамтитындай деңгейге дейін кеңейді. Қытайлық тәжірибелерді Африка жағдайына бейімдеу арқылы, Қытайдың кедейлікті азайту тәжірибесі нақты даму нәтижелеріне айналуда. Бұл үдеріс «Жаһандық Оңтүстік» елдері үшін модернизация жолында жаңа мүмкіндіктер ашып, мүмкіндіктерді, өсуді және үмітті өзара байланыстыратын, кедейлік жоқ жол салып береді.

people.cn © People's Daily Online



