Ли Цян Тәжікстанға ресми сапар жасап, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 25-інші отырысына қатысу үшін Душанбеге жетті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 19 қазан

19 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 18 қазан күні түсте Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзоданың шақыруымен Қытай Мемлекеттік Кеңесінің Премьер-министрі Ли Цян арнайы ұшақпен Душанбе халықаралық әуежайына қонды. Ол Тәжікстанға ресми сапарын бастап, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары (премьер-министрлері) кеңесінің 25-інші отырысына қатысады.

Кохир Расулзода жоғары лауазымды үкімет өкілдерін бастап келіп, әуежайда Ли Цянды қарсы алып, салтанатты қарсы алу рәсімін өткізді.

Фото: Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото