- Барлық ақпарат
Бейжің марафон жарысында Олимпиада чемпионы Тамират Тола ерлер арасындағы жарыс рекордын жаңартты
19 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 18 қазанда өткен 2026 жылғы Бейжің марафонында ерлер санатындағы алғашқы үш орынды эфиопиялық жүгірушілер иеленді, әрі үшеуі де бұрынғы жарыс рекордын жаңартты. Олимпиада чемпионы Тамират Тола мәре сызығын 2:03:10 уақыт көрсеткішімен бірінші болып кесіп өтіп, бұрынғы рекордты төрт минуттай қысқартты.
Әйелдер тобында эфиопиялық жүгіруші Анчиналу Десси Генане 2:20:36 уақыт нәтижесімен өз чемпиондық атағын сәтті қорғап қалды. Қытайлық спортшылар Цыжэнь Цому мен Лу Ин екінші және үшінші орынға жайғасты.
Биылғы Бейжің марафонына қатысушылар саны 32 мың адамды құрады, тіркелушілер саны 265 мыңнан асты. Марафонда ерлер және әйелдер жарыс түрлерін ұйымдастырды. Жарыс Тяньаньмэнь алаңынан басталып, Олимпиада саябағының орталығындағы көрініс даңғылында аяқталды. Жарыс жолының жалпы ұзындығы 42,195 километр.
Фото: Синьхуа






people.cn © People's Daily Online



