Сицзан Шаньнаньда орман отырғызу арқылы көгалдандырумен бірге халық табысын арттырды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 20 қазан

20 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Лхасаның солтүстік және оңтүстік тауларын көгалдандыру жобасының (Шаньнань учаскесі) әр аумағындағы қызметкерлер жұмысқа кірісті. Олар орман мен жайылымдарда өрттің алдын алу жұмыстарын аралап тексеру, орман ішіндегі тез тұтанатын заттарды тазалау, өрттен сақтану жолдарын ашу, сондай-ақ суару құрылғыларын және су, электр жабдықтарын тексеру сияқты жұмыстарды жүргізді. Бұл шараның барлығы биыл алғашқы қысқы суару жұмысына дайындық мақсатында жүргізілді.

2022 жылы басталған Лхасаның солтүстік және оңтүстік тауларын көгалдандыру жобасы аясында 2026 жылға дейін жиыны 317 500 му жерге орман отырғызылды. Бұл жоба көгалдандыру аумағын үздіксіз кеңейтумен қатар, 2,15 миллионнан астам адам-рет жұмыстануына мүмкіндік берді. Осылайша, экологиялық көгалдандыру мен жергілікті халықтың табысын арттыруды қатар қамтамасыз етіп, екі жаққа да тиімді нәтижеге қол жеткізілді.

Фото: Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото