- Барлық ақпарат
«Шапотоу шөл алмасы» мол өнім береді

20 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Сары өзеннің жағасы, Тэнгэр шөлінің оңтүстік жиегінде орналасқан Нинсяның Чжунвэй қаласындағы Шапотоу аумағы «Шапотоу шөл алмасының» мол өнім жинау маусымын қарсы алды. Күн сәулесінің жеткіліктілігі, тәулік ішіндегі үлкен температура айырмашылығы және құрғақ әрі жауын-шашыны аз климат сияқты табиғи шарт-жағдайлар арқасында бұл аймақ стандартталған отырғызу және басқару қызметін ілгерілетіп, орман іші экономикасын дамытты. Электрондық коммерция сатылымын және брендті насихаттауды жақсартып, «Шапотоу шөл алмасын» халықтың табысын арттыратын салаға айналдырды.
Қазір Шапотоу аумағында 80,2 мың му жерде алма егіліп, өнім мөлшері 144 мың тоннаны құрап, құны 1 миллиард юаньнан асты. Бұл 8 мыңнан астам шаруалардың кірісін арттырып отыр.
Фото: Синьхуа






people.cn © People's Daily Online



