- Барлық ақпарат
Биыл алғашқы үш тоқсанда Қытайдың тауарлар импорты мен экспортының жалпы көлемі сәйкес уақытпен салыстырғанда 18,8%-ға өсті

20 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 19 қазан күні Мемлекеттік кеңестің ақпарат кеңсесі баспасөз мәслихатын өткізді, онда Ұлттық статистика бюросы осы жылдың алғашқы үш тоқсанындағы экономикалық деректерді жариялады.
Алғашқы үш тоқсанда тауарлар импорты мен экспортының жалпы көлемі 39,9399 триллион юаньға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,8%-ға өскен. Экспорт 23,1979 триллион юаньды құрады, бұл сәйкес уақытпен салыстырғанда 16,4%-ға өскен, ал импорт 16,7420 триллион юаньды құрап, сәйкес уақытпен салыстырғанда 22,3%-ға өскен. «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысушы елдерге импорт пен экспорт 17,1%-ға өсті. Жеке кәсіпорындардың импорты мен экспорты 19,1%-ға артып, жалпы импорт пен экспорт көлемінің 56,9%-ын құрады. Машина жасау және электронды өнімдер экспорты 23,7%-ға жоғарылап, жалпы экспорттың 64,3%-ын құрады.
Қыркүйек айында импорт пен экспорттың жалпы көлемі 5,1628 триллион юаньға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,5%-ға өскен. Экспорттың жалпы көлемі 3,0344 триллион юаньды құрады, бұл 29,6%-ға өскен, ал импорт 2,1284 триллион юань болып, бұл 24,6%-ға жоғарылаған.
people.cn © People's Daily Online



