- Барлық ақпарат
Алғашқы үш тоқсанда Уханьнан Қытай-Еуропа (Азия) жүк пойызымен тасымалданған тауарлардың құны 15,5 миллиард юаньнан асты
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 20 қазан

20 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Хубэй порты тобы Ханьоу халықаралық логистика компаниясының 19 қазандағы есебіне сәйкес, Уханьның Қытай-Еуропа (Азия) жүк пойызы қызметі 2026 жылдың алғашқы үш тоқсанында 15,5 миллиард юаньнан астам тауар жөнелтіп, өткен жылмен салыстырғанда 11,35%-ға өскен. Бағыт бойынша алғашқы үш тоқсанда барлығы 832 пойыз жүріп, оның ішінде 464 пойыз жолға шығып, саны сәйкес уақытпен салыстырғанда 15,71%-ға ұлғайған. Ал кері қайтатын пойыз саны 368-ға жеткен. Бұл Хубэйдің ішкі аймақтарды сыртқа ашуының жаңа биік деңгейін қалыптастыруына, сонымен қатар халықаралық өнеркәсіптік және жеткізу тізбегін тұрақтандыру үшін берік логистикалық қолдау көрсетті.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



