Қазақстан Ганьсу өлкесінің ең ірі сауда серіктесіне айналды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 22 қазан

22 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 21 қазанда өткен баспасөз мәслихатында Ланьчжоу кедені Қазақстанның жылдың алғашқы үш тоқсанында Ганьсу өлкесінің ең ірі сауда серіктесіне айналғанын хабарлады. Екі тарап арасындағы импорт пен экспорттың жалпы құны 12,26 миллиард юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,6%-ға артқан.

Соңғы жылдары Ганьсу Орталық Азияның бірқатар елдерімен тығыз экономикалық және сауда байланыстарын орнатты. Ганьсу Орталық Азиядан мыс концентраты мен зығыр тұқымдарын импорттап, өзі Орталық Азия нарықтарына тас мақта және жолаушылар көлігі сияқты өнімдерді экспорттайды. Сонымен қатар, өлкенің «Ганьсу дәмі» ауыл шаруашылығы өнімдері де сыртқа жақсы сатылуда. Қазіргі таңда жаңа піскен алма, картоп, қызанақ, киви және мандарин сынды ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнімдерінің ондаған түрі жүк пойыздары арқылы Қазақстан мен Өзбекстан елдеріне тікелей жөнелтілуде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото