- Барлық ақпарат
Күз аяқталмай жатып, Алтайда шаңғы тебу басталып кетті

22 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Шынжаң Алтай аймағындағы Көктоғай халықаралық шаңғы курорты 20 қазанда ресми түрде жұмысын бастады. Сөйтіп ол осы қар маусымында бүкіл ел бойынша бірінші болып ашылған сырттағы таулы өңір шаңғысы курортына айналды.
Көктоғай — Азияда ең ерте ашылатын әрі қар маусымы ең ұзаққа созылатын шаңғы курорттарының бірі. Өткен қар маусымында сырғанау уақыты 199 күнге созылып, 640 мың турист қабылдады. Курорттың ең үлкен тік биіктік айырмашылығы 1350 метр, 23 шаңғы жолы салынған. Жалпы сырғанау ұзындығы 61 шақырым. Бұл шаңғы курорты жер бедерінің алуан түрлілігімен, қиындығы мол ерекшелігімен жер-жердегі шаңғы тебу әуесқойларын өзіне баурайды.
Алтай тауларының қойнауындағы осы шағын қалашық бұрын 80-нен астам сирек кездесетін минералдар өндіретін. Сондықтан аймақ «табиғи геологиялық мұражай» деп аталған. Ресурстық жағдайлардың өзгеруіне байланысты, кен аймағы біртіндеп құлдырады. 2013 жылы Көктоғай ұлттық тұңғыш дербес өнеркәсіптік кен аймағын қайта жаңғырту және көшіру пилоттық жобасына енгізілді. Сөйтіп, аймаққа 3 миллиард юаньнан астам қаржы салынып, тұрғын үйлерді жаңалау, экологияны қалпына келтіру және инфрақұрылым құрылысы жүргізіліп, шағын қалашық тарихи мәдениет пен экологиялық туризмдегі танымал ауылға айналды.
Қар-мұз индустриясы жергілікті дамуды қолдап, ұзақ қыс маусымында қалашық туризмінің қауырт мезгілін қарсы алады. Мұндағы жастардың көбі қар шаңғы жаттықтырушысы, қонақ үй, мейрамхана сияқты салаларда жұмыс істей бастады. Жергілікті жас жігіт Мейірбек Шығысұлы алғашында қар шаңғы спортымен айналысып, кейін біртіндеп шаңғымен тауға шығу спортының кәсіби шебері болып, жаттықтырушылықты атқара бастады. Мейірбек малшылық өңірдегі ауыл жастарының қар-мұз спортымен белсенді айналысып, жаңа өмір жолдарын ашуына тілектес.
Фото:Синьхуа мен жергілікті БАҚ






people.cn © People's Daily Online



