- Барлық ақпарат
Биылдың алғашқы үш тоқсанында Қорғас порты арқылы 405 000 көлік экспортталды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 22 қазан

22 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қорғас кеденінің статистикалық деректеріне сәйкес, осы жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейінгі аралықта Шыңжаңдағы Қорғас порты арқылы 405 000 көлік экспортталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,8%-ға артық. Оның ішінде 158 000-ы электр көліктері болып, сәйкес уақытпен салыстырғанда 31,5%-ға артып, жалпы экспорттың шамамен 40%-ын иеленді.
Қазіргі уақытта Қорғас порты арқылы экспортталатын отандық өндірістегі көліктер негізінен Қазақстан мен Өзбекстан сияқты Орталық Азия елдеріне жөнелтіледі. Сонымен қатар олар Батыс Азия мен Шығыс Еуропа сынды «Бір белдеу, бір жолды» бірге салатын тағы оннан астам ел мен аймаққа жеткізіліп жатыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



