Қытай шетелге бағытталған инвестицияларды басқару жөніндегі жаңартылған шараларды жариялады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 23 қазан

23 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 22 қазанда Қытай шетелге бағытталған инвестицияларды басқаруға қатысты жаңартылған шараларды ұсынды. Бұл қадам осы саланың дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге неғұрлым берік институционалдық негіз қалыптастырады.

Ұлттық даму және реформа комитеті әзірлеген бұл шаралар 2026 жылғы 1 желтоқсанда күшіне еніп, 2017 жылдан бері қолданыста болған ережелердің орнын басады.

Соңғы жылдары Қытайдың шетелге бағытталған инвестициялары тұрақты өсім көрсетіп келеді. Сауда министрлігінің деректеріне сәйкес, 2025 жылдың соңына қарай Қытайдың шетелдегі инвестициялық қоры шамамен 3,4 триллион долларға жетті. Осылайша, ел 9 жыл қатарынан әлемдегі ең ірі инвесторлардың үштігіндегі орнын сақтап қалды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото