- Барлық ақпарат
Қытайдағы қар барысының саны шамамен 5000-ға жетті

26 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық орман шаруашылығы және жайылым басқармасының мәліметінше, 23 қазан — Халықаралық қар барысы күні. 2013 жылы қар барыстарын қорғауға бағытталған жүйелі әрі мақсатты шаралар қолға алынғаннан бері, Қытай бұл түрді қорғап, олар мекендейтін аймақтарды қалпына келтіру жұмыстарын дәйекті түрде күшейтіп келеді. Нәтижесінде, мекендеу ортасының сапасы, экожүйелердің тұтастығы жақсарып, қар барысының саны артып, олардың өсіп-өрбуіне ықпал етті. Қазіргі таңда Қытайдағы қар барысының саны 2013 жылғы шамамен 2500-ден өсіп, 5000-ға жетті. Мекендеу ортасының жалпы аумағы шамамен 2,08 миллион шаршы шақырымға жетіп, әлемдік көрсеткіштің 60%-дан астамын иеледі. Осылайша, Қытай — қар барыстарының таралу аймағы ең кең, саны ең көп және мекендеу ортасы ең ауқымды елге айналды.



people.cn © People's Daily Online



