- Барлық ақпарат
Сицзанның Бачен ауданындағы жер сілкінісі болған аймақта көмек көрсету және тұрғындарды қоныстандыру жұмыстары жүріп жатыр

26 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Сицзанның Нагчу қаласы Бачен ауданында магнитудасы 7,0 балл жер сілкінісі орын алғаннан кейін, ауқымды шұғыл құтқару операциялары басталды. Зардап шеккен аймаққа құрастырмалы тұрғын үйлер, шатырлар, көрпе-төсектер және жылыту пештері сияқты қажетті заттар лек-легімен жеткізіліп, тұрғындар уақытша орналастырылған орындарға таратылуда. Электр желісі қызметкерлері желілер тартып электр қуатымен қамтамасыз етсе, құрылысшылар құрастырмалы үйлерді орнатып, тұрғындардың жағдайын шұғыл шешуде. Жергілікті билік өкілдері көмек заттарын таратуды ұйымдастыруда, медицина қызметкерлері үй аралап, тұрғындардың денсаулығын тексеріп, ал жергілікті ас-сумен айналысатындар зардап шеккендерге ыстық тамақ ұсынып, қолдау көрсетуде. Қазіргі уақытта уақытша қоныстандыру орындарында күнделікті өмір біртіндеп қалыпқа келіп, зардап шеккен тұрғындардың көңіл-күйі орнығып қалды.









people.cn © People's Daily Online



