- Барлық ақпарат
Тэнгэр шөлінің оңтүстік-шығыс шетінде жабайы жануарлар қайта көбейді

26 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Соңғы жылдары Нинсяның Чжунвэй қаласында орналасқан Шапотоу ұлттық табиғи қорығында құм төбелерін сабан торкөздермен бекіту, құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді отырғызу және күн энергиясы панельдерін орнату арқылы құмды тізгіндеу сияқты шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар өсімдік жамылғысының жайқалуына, жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасының үздіксіз жақсаруына ықпал етті. Бақылау деректеріне сәйкес, ұлттық екінші деңгейде қорғалатын қарақұйрықтардың бірнеше жергілікті үйірі қалыптасып, олардың саны тұрақты түрде өсіп келеді. Шапотоудағы құммен күрес тәжірибесі жай ғана құмды тізгіндеуден бастап, экологиялық қалпына келтіру мен биоәртүрлілікті қорғауды біріктіретін кешенді тәсілге дейін дамыды. Бұл адамдар, құм дала, жануарлар, өсімдіктер жарасымды өмір сүретін жағдай жасады.





people.cn © People's Daily Online



