Бейжіңде этникалық би шығармашылығы бойынша ұлттық семинар ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 26 қазан

26 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 23 қазанда Бейжіңде этникалық би шығармашылығы бойынша ұлттық семинардың ашылу салтанаты және Орталық ұлттар университеті би институтының арнайы кеші өтті. 3 күнге созылатын бұл семинарға еліміздің көрнекті ғалымдары, би өнерінің шеберлері мен шығармашылық өкілдері қатысты. Қатысушылар этникалық бидің заманауи миссиясы мен мәдени жауапкершілігі, жаһандану жағдайындағы мәдениетаралық алмасу мен тарату, сондай-ақ цифрландырудың шығармашылықты дамыту мен насихаттауға әсері сияқты тақырыптарды талқылады. Олар этникалық би өнерінің дәстүрді сақтай отырып жаңару жолдарын іздестіріп, өркениеттер арасындағы алмасу мен өзара үйренуді ілгерілетуді қарастырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото