- Барлық ақпарат
Құлжа мен Астана арасындағы алғашқы рейс сәтті орындалды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 27 қазан

27 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 26 қазанда қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы Астана мен Құлжа бағыты бойынша алғашқы рейсін сәтті орындады. Осы бағыттың ашылуымен FlyArystan Шыңжаң өңіріндегі бағыты мен ұшу жиілігі ең жоғары шетелдік әуе компаниясына айналды.
Бұл жаңа бағытпен бірге Қазақстан мен Қытайдың Шыңжаңын байланыстыратын тікелей әуе бағыттарының жалпы саны 4-ке жетті. Осылайша, Қазақстан тарапынан Алматы, Астана және Ақтау қалалары мен Шыңжаңдағы Үрімжі және Құлжа қалалары арасында тікелей әуе қатынасы орнады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



