- Барлық ақпарат
Цзянси өлкесі Фэнчэн қаласындағы көгалды ауыспалы егу жасыл дамуға дем берді

27 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Цзянси өлкесі Фэнчэн қаласының Чиган ауылындағы көгал өсіру базасында жергілікті тұрғындар көгалды жинап, көлікке тиеу жұмыстарымен айналысып жатыр.
Соңғы жылдары Фэнчэн қаласы қаңырап бос жатқан тау беткейлерін, өзен жағалауларын, құмды алқаптар мен құмды топырақты тиімді пайдалана отырып, көгал өсіруді дамытты. Бұл тәжірибе жағалауды бекемдеп, бөгетті қорғап, құмды тізгіндеп, топырақты қорғауға мүмкіндік беріп, өзен жағалауының экологиялық ортасын үздіксіз жақсартуда. Сонымен қатар, жергілікті жер жаңа ауыспалы егіс үлгісін қолданып, егілген шөптесінді жинап алғаннан кейін, қаланы жасылдандыруға, кен орындарын қалпына келтіруге және жол жиектеріндегі беткейлерді көгалдандыруға пайдалануда. Бұл тәсіл жасыл дамуға дем беріп, экологиялық және экономикалық тиімділікке қатар қол жеткізді.






people.cn © People's Daily Online



