- Барлық ақпарат
9-ыншы Қытай халықаралық импорт көрмесіне арналған экспонаттардың алғашқы легі көрме алаңына кірді
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 27 қазан

27 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 26 қазан күні 9-ыншы Қытай халықаралық импорт көрмесіне арналған экспонаттардың алғашқы легін тиеген 10 жүк көлігі Ұлттық жиналыс және көрме орталығына (Шанхай) келіп тоқтады. Бұл биылғы Қытай халықаралық импорт көрмесін дайындау және экспонаттарды орналастыруда шешуші жұмыс кезеңінің басталғанын білдіреді.
Мәліметтерге сәйкес, экспонаттардың алғашқы легінде Австриядан әкелінген станоктар, Францияның Michelin компаниясының 75%-ы жаңартылатын және қайта өңделген материалдардан жасалған шиналар, сондай-ақ Перуден келген органикалық банандар бар. Көрмеге қойылатын заттардың көпшілігі әлем бойынша, Азия бойынша алғаш рет көпшілік назарына ұсынылмақ.


(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



