Еліміз 34 жетекші деңгейдегі ақылды зауыт құруды жоспарлап отыр

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 27 қазан

27 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 26 қазан күні ҚХР Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігі 2026 жылы жетекші деңгейдегі ақылды зауыттар ретінде дамытылатын жобалардың тізімін жариялады. Таңдалған 34 нысанның қатарында Xiaomi Automotive Technology Co., Ltd. компаниясы басқаратын жасанды интеллектке негізделген икемді түрде жоғары санатты жаңа энергетикалық көліктерді өндіретін супер ақылды зауыттар бар.

Ақылды зауыттар — интеллектуалды өндірістің негізгі құралы, сондай-ақ өндіріс саласын цифрлық трансформациялау мен интеллектуалды жаңғыртудың басты алаңы. Қазіргі таңда елімізде ақылды зауыттарды дамытудың негізгі, озық, үздік және жетекші деп аталатын 4 деңгейлі жүйесі қолданылады. Жетекші деңгейдегі ақылды зауыттардың міндеті болашақ өндіріс үлгілерін зерттеу, интеллектуалды трансформацияға жетекшілік ету және әлемдік деңгейдегі даму үлгісіне айналу.

Қыркүйек айының соңындағы жағдай бойынша, елімізде 13 000-нан астам озық деңгейдегі, 500-ден астам үздік деңгейдегі ақылды зауыттар құрылып, 15 жетекші деңгейдегі ақылды зауыт дамытылған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото