- Барлық ақпарат
Фарфорға лак жағып ою арқылы ежелгі өнерге жан бітірді

28 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Фарфорға лак жағып ою — қытайдың дәстүрлі қолөнеріндегі фарфор мен лак бұйымдарын тоғыстыратын бірегей өнер түрі. Туындының жасалу барысы фарфор бұйымды жасау, лак дайындау, лак жағу және ою сияқты төрт негізгі кезеңнен тұрады. Бұйымның осы кезеңдерден сәтті өтіп, дайын болуы аса күрделі.
1976 жылы туған Бейжің қаласының қолөнер шебері Чжу Цзян — лак жағып оюдың мұрагері. Ол өнерді бала кезінен әкесінен үйренген, кейін келе қытайлық осы өнердің шебері, лак жағып ою бойынша ұлттық материалдық емес мәдени мұраның мұрагері Инь Сююньнан үйренеді.
Соңғы жылдары Чжу Цзян қайта-қайта тәжірибе жасау арқылы фарфор бұйымды жабыстыру, фарфорға лак жағу, ою салу сияқты бірқатар қиындықтарды жеңіп, бұл ежелгі өнер түріне екінші өмір сыйлады. Оның туындысы «Көк фарфорға лак жағып ойылған шай ыдыстарының жиынтығы» Бейжің «Қолөнер кубогында» күміс жүлде жеңіп алып, лак жағып ою және бағалы бұйымдарды сақтау әуесқойларының жоғары бағасына ие болды.





people.cn © People's Daily Online



