2026 жылдың алғашқы үш тоқсанында Қытайдың Батыс құрлық-теңіз жаңа дәлізі импорт-экспорты сәйкес уақытпен салыстырғанда 11,5%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 28 қазан

28 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылдың алғашқы үш тоқсанында Батыс құрлық-теңіз жаңа дәлізі бойындағы «13+2» өлкелердің (автономиялық аймақтар мен қалалар) импорты мен экспорты 787,06 миллиард юаньға жетіп, сәйкес уақытпен салыстырғанда 11,5%-ға өсіп, жаңа рекорд орнатты. Жол бойындағы жоғары технологиялық өнімдер дәліз арқылы шетелдік нарықтарға тез жетіп, алғашқы үш тоқсанда экспорт 120,59 миллиард юаньға жетіп, сәйкес уақытпен салыстырғанда 30%-ға артқан. Сонымен қатар әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінетін тауарлар мен арнайы ауылшаруашылық өнімдері дәліз арқылы Қытайдың батыс ішкі аймақтарына үздіксіз кіріп жатыр. Бүгінге дейін дәліз арқылы тасымалданатын тауарлардың түрлері 1100-ден асты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото