Австралия Солтүстік Сун әулетінің императорлық кесенелерінен шыққан екі жәдігерді Қытайға қайтарды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 29 қазан

29 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 28 қазан күні Канберрада Қытайдың Ұлттық мәдени мұра басқармасы Австралия Ұлттық өнер мұражайы қайтарған екі қытайлық жәдігерді қабылдап алды. Бұл заттар — Солтүстік Сун әулетінің (960-1127 жылдар)императорлық кесенесі Юнъюй және Юнчан кесенелерінен шыққан әскери және әкімшілік шенеунік мүсіндерінің бас бөліктері. Өнер мұражайының коллекциялық жазбаларына сәйкес, әк тастан жасалған бұл жәдігерлер Қытайдың Хэнань өлкесінен шыққан. Әскери шенеунік мүсіні бас бөлігінің биіктігі 68 см, салмағы 132 кг болса, әкімшілік шенеунік мүсіні бас бөлігінің биіктігі 70 см, салмағы 223 кг-ды құрайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото