Ұлы Қытай қорғаны мұражайы ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 29 қазан

29 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Үш жылдан астам уақытқа созылған қайта жаңалау жұмыстарынан кейін, 24 қазан күні Бадалин Ұлы Қытай қорғанының етегінде орналасқан Ұлы Қытай қорғаны мұражайы ресми түрде ашылып, қонақтарды қабылдай бастады. Қытай өркениетінің мыңжылдық ізін сақтаған ұлттық деңгейдегі мәдени мекеме ретінде, мұражай енді тың келбетімен төңіректің төрт бұрышынан келген қонақтарды қабылдауда.

Қайта ашылуына орай, мұражай Ұлы Қытай қорғанының тарихын, мәдениеті мен рухын қамтитын ауқымды көрмелер топтамасын ұйымдастырды. Бұл шара Ұлы Қытай қорғанының тарихи даму жолы мен мәдени маңыздылығын жан-жақты ашып көрсетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото