- Барлық ақпарат
Чжэцзян өлкесінің Цзиньхуа қаласында ақылды ауыл шаруашылығы индустриялық паркі ортақ баюдың үлгісін ашты

29 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Чжэцзян өлкесі Цзиньхуа қаласы Цзиньдун аумағында орналасқан «Тайвань бұғазының екі жағалауы арасындағы ауыл шаруашылығы ғылым-технология индустриялық паркі» 2023 жылдың қыркүйегінде Цзидаошань тауы айналасындағы ортақ баю белдеуінің негізгі аумағында құрылды. Бұл нысан 2023 жылғы «Чжэцзян-Тайвань ынтымақтастығы апталығы» аясында қол қойылған маңызды жоба және ол Цзиньдун аумағындағы заманауи ауыл шаруашылығының үлгісі ретінде қызмет етеді. Парктің жалпы аумағы 198,2 муды құрайды. Оның ішінде 70 му жерді заманауи ақылды жылыжайлар, 60 му жерді стандартталған ашық егістік алқаптары алып жатыр. Сондай-ақ мұнда сумен қамту жүйелері мен автотұрақтар сияқты қажетті инфрақұрылымдар қарастырылған. Бұл — көшеттерді зерттеп, әзірлеу, экологиялық таза өсіру, өнімді терең өңдеу, брендті сату, агротуризм және ауыл шаруашылығы технологияларын көрсетуді қамтитын, толық тізбекті әрі кешенді ақылды ауыл шаруашылығы индустриялық паркі.



people.cn © People's Daily Online



