- Барлық ақпарат
Қытайдың ауыл шаруашылығы техникасы интеллектуалды деңгейге қарай қарқынды дамып келеді

29 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 28 қазанда Тяньцзинь қаласында Қытайдың халықаралық ауыл шаруашылығы техникасы көрмесі өз мәресіне жетті. Іс-шара Қытайдың ауыл шаруашылығы техникасы тиімді, интеллектуалды деңгейге қарай дамып келе жатқанын көрсетті.
Биылғы күзгі жиын терін мезгілінде негізгі техника ретінде секундына 13 келіден астам өнімді жинауға қабілетті ірі комбайндар қолданылды. Қытайдың Бэйдоу спутниктік навигациялық жүйесімен және интеллектуалды датчиктермен жабдықталған бұл машиналар дәл жұмыс істеуге, сондай-ақ түнде егін жинауға мүмкіндік беріп, ауыл шаруашылығы өнімділігін арттырады.
Көрмеге ауыл шаруашылығы техникасының құрамдас бөліктерін шығаратын 675 мамандандырылған өндіруші қатысып, өткен жылмен салыстырғанда шамамен 115%-ға артты. Қозғалтқыштар мен трансмиссиялар сияқты маңызды бөлшектердің отандық өндіру деңгейі де артып келеді.
Болашақта Қытай күнделікті өндірістік қажеттіліктерді де, төтенше жағдайлардағы талаптарды да қанағаттандыратын ауыл шаруашылығы техникасын дамытуды жалғастыра бермек. Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің тұрақтылығын, азық-түлік қауіпсіздігін және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге қосымша техникалық қолдау көрсетеді.





people.cn © People's Daily Online



