- Барлық ақпарат
Хайнань еркін сауда порты: Шетелдік азаматтар үшін жұмысқа рұқсат беру және тұруға қатысты қолайлы саясатты енгізеді

30 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытай Сауда министрлігін қоса алғанда, 4 мемлекеттік ведомство бірлесіп «Хайнань еркін сауда портында сауданы еркіндендіру, жеңілдету деңгейін одан әрі арттыру туралы хабарлама» жариялады. Бұл құжат тауар саудасын оңтайландыру және жаңарту, қызмет көрсету саудасын еркіндендіру мен жеңілдетуді ілгерілету, сондай-ақ сауданың жаңа түрлері мен модельдеріндегі инновацияларды дамыту бойынша 3 негізгі бағытқа шоғырланған 16 нақты шараны қамтиды.
Бұл шараларға мыналар кіреді: Хайнань еркін сауда портының арнайы кедендік бақылау аймақтарында кедендік баж салығынан босатылған жағдайда қайта өңдеу арқылы жасалған өнімдердің ел ішіндегі пилоттық еркін сауда аймақтарына кіруіне рұқсат беру; Хайнань еркін сауда порты үшін «екі жағы да сыртта» (шикізатты/құрамдас бөліктерді шетелден алып, дайын өнімді шетелге сату) қағидаты бойынша кедендік баж салығынан босатылған техникалық қызмет көрсету тізімін уақытылы кеңейтуді қолдау; ведомствоаралық ынтымақтастық пен деректер алмасуын нығайту, сондай-ақ деректер және ақпараттық қызметтерді жақсарту арқылы шекара сыртындағы сауданың дамуын жеделдету; шетелдік азаматтардың Хайнань еркін сауда портына келуін одан әрі жеңілдету үшін жұмысқа рұқсат беру мен тұруға қатысты қолайлырақ саясатты енгізу.
people.cn © People's Daily Online



