Сянганның қыркүйек айындағы экспорт көлемі өткен жылмен салыстырғанда 64,9%-ға артты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 30 қазан

30 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Сянган арнайы әкімшілік регионы үкіметінің Санақ және статистика департаменті 28 қазанда жариялаған тауар саудасы статистикасына сәйкес, қыркүйек айында Сянганның тауар экспортының жалпы құны 762,6 миллиард сянган долларына жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 64,9%-ға өсті. Бұл көрсеткіш қатарынан 20 ай бойы екі таңбалы өсімнің тіркелгенін білдіреді және соңғы 40 жылдан астам уақыттағы ең жоғары айлық өсім болып табылады. Қыркүйек айында Сянганның тауар импортының құны 808,9 миллиард сянган долларын құрап, өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 57,8%-ға жоғарылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото