Шыңжаңның Фукаң қаласында 100 МВт қуатты балқытылған тұзды мұнаралы күн электр станциясы жобасы электр желісіне қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 2 қараша

2 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылдың 30 қазанында Шыңжаңның Санжы Дүңген автономиялық облысы Фукаң қаласында орналасқан «Luneng Fukang» 100 МВт қуатты мұнаралы күн электр станциясы мен энергия сақтау жобасы электр желісіне сәтті қосылды.

Бұл жоба 900 МВт қуатты фотоэлектрлік қондырғымен бірлесе жұмыс істеп, «күн жылу электр станциясы + фотоэлектрлік станция» біріктірілген пайдалану моделін қолданады. Күн жылу жобасы толық салынып болғаннан кейін, жылдық орташа электр энергиясын өндіру көлемі шамамен 120 миллион киловатт-сағатты құрайды. Бұл шамамен жылына 40 000 тонна шартты көмірді үнемдеуге және көмірқышқыл газының шығарындыларын шамамен 140 000 тоннаға азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоба электр желісіндегі жүктемені реттеудің кең ауқымын қамтамасыз етіп, Шыңжаңның үлкен электр желісінің жұмыс талаптарына үйлеседі. Бұл бастама жергілікті электр желісінің энергетикалық ауысуын одан әрі ілгерілетуге және жаңартылатын энергия көздерін сол жерде тұтынуда маңызды рөл атқаратын болады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото